420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да жеті жылға созылған су құбырының құрылысы тоқтап тұр

  • 151
  • UPD: 15:16, 03.09.2020
СҚО-да жеті жылға созылған су құбырының құрылысы тоқтап тұр

Солтүстік Қазақстан облысында Преснов топтық су құбырының құрылысы ұзаққа созылып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осымен жетінші жыл қатарынан салынып жатыр. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 8 млрд теңге бөлінген. Бірақ қаржы игерілмей, жұмыс тоқтап тұр. Тапсырыс беруші – су ресурстары комитеті. Мердігер ұйым – «ҚазСуШар» мемлекеттік кәсіпорны. Су құбыры салынып бітсе, 3 ауданның 33 мың халқы сумен қамтылады. Тіршілік нәрінен тарығып отырған ауылдың бірі – Становое. Былтыр елді мекенде «санация» әдісімен су тартылды. Бірақ аптасына 3 рет беріледі. Биыл бұл мәселені шешу үшін сорғы станциясы салынуы тиіс еді. Салынбады.

Светлана Гуменик, Становое ауылының тұрғыны:

– Міне, қолымда екі жарым жыл жинаған құжаттар бар. Экология, геология және табиғат ресурстары министрлігі біздің ауылға сорғы станциясын салуға 54 млн теңге бөлінді деп жауап берді. Бірақ, ақша игерілмеді. Неге?

Виктор Мищенко, Воскресенов ауылдық округінің әкімі:

– Аудан әкімі экология, геология және табиғат ресурстары министрінің орынбасары Сергей Громовқа хат жолдады. Ол мәселені «ҚазСуШар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшыларының жиі ауысуымен байланыстырады. Біреуі кетсе, екіншісіне ұнамай қалады. Біз қолдан келгеннің бәрін істедік. Екі ортада халық қиналып отыр.

Хабар 24 телеарнасы