431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алпыс жыл бойы сөзжұмбақты серік еткен қария жастардың кітаптан қол үзіп бара жатқанына алаңдайды

  • 166
  • UPD: 10:41, 24.09.2020

Елордада 60 жыл бойы сөзжұмбақ құрастырып, оқырманның таным көкжиегін кеңейтуді парызындай көретін қария тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде белгілі спорт журналисі Жүсіп Хисымовтың қолынан шыққан кроссворд, криптограмма,чайнворд мыңдап саналады. Олардың бірқатары газет-журналдарда жарық көрді. Қарияның айтуынша, жан-жақты білім мен табандылықты талап ететін ойында жеңіске жететіндер аз.

Жүсіп Хисымовты көпшілік спорт журналисі ретінде таниды. Ұзақ жылдар бойы республикалық «Спорт» газетінде тілші қызметін атқарды. Өмірі өнеге жан бүгінде зейнетте. Алайда кәрілік келді екен деп қол қусырып қарап отырған жоқ. Бала кездегі ермегі, сөзжұмбақ жасауды үзбей, жалғастырып келеді. Мәселен, мына біреуі осыдан 20 жыл бұрын «Жас Алаш» газетіне басылыпты. 1111 сөзден тұратын кроссвордты шешуге талайлар талаптанғанымен, білімі жетіп, бағы жанғаны жоқ.

Жүсіп Хисымов, ардагер журналист:

- 2017 жылы EXPO көрмесі өтіп, әлем назары бізге ауған кезде қария қарап қалмай, елді танытудың өзіндік жолын таңдады. Халықтың тарихы, мәдениеті пен әдебиетінен хабар беретін алып сөзжұмбақ құрастырған. Көлемінің үлкендігінен де оны баспасөзге жариялауға мүмкін болмапты. Ерекше хобби иесі – бұдан бөлек, чайнворд, криптограмма, викторина құрастырудың да шебері. Танымдық ойынның қай түрінің де пайдасы зор. Адамның білімі толысып қана қоймай, шыдамы шыңдалып, төзімділікке тәрбиелейді дейді ол.

Жүсіп Хисымов, ардагер журналист:

- Бар білім кітапта деп білетін қазына кеуде қария жастардың кітаптан қол үзіп бара жатқанына алаңдайды. Ардагер журналист өзі де талай тақырыпқа қалам тербеп, бірқатарын кітап қылып бастырған. Марка мен мойынтақ жинауға әуестігі де – көңілдегі көп әуірдің бірі.

Осы салада білген-түйгенін оқулық етіп жарыққа шығару ойы көкейге қонақтағалы қашан дейді қария. Бұл да сирек өнерге халықты баулудың бір қадамы болмақ. Ал келесі сөзжұмбаққа Жүсіп аға Ұлы Абайдың мерейтойына орай ақынның қара сөздерін өзек еткісі келеді.

Авторы: Назерке Тоқжан

Хабар 24 телеарнасы