421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында қызылша өсірушілерді қолдайтын жоба бастау алды

  • 70
  • UPD: 13:45, 16.09.2020
Алматы облысында қызылша өсірушілерді қолдайтын жоба бастау алды

Агроөнімді егіс алқабынан тікелей сөреге жеткізу желісін іске қосуға жергілікті бюджеттен 1 млрд тг қаралып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаражат қант қызылшасын егетін шаруа қожалықтары мен оны өңдейтін кәсіпорындарға бөлініп берілді. Өсімпұлсыз несиені егінші қауым өнім жинау және зауыттарға жеткізу жұмыстарына жұмсайды. Мамандар есептеуіне сүйенсек, келісімшартқа отырған 34 шаруа қожалығынан 50 мың тоннадай шикізат өткізуі тиіс. Ол қызылшадан шамамен 2500 тоннаға жуық қант өндіріледі. Тізбек бойынша тәтті тағам түрі облыстың сауда нүктелерінде нарықтан 10-15% арзан бағада сатылады.  

Бахтияр Сембеков, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация департамент директоры:

– Енді келесі жылы осы пилоттық жоба толыққанды бағдарлама болып бекітіледі деген ойдамыз. Негізі қатысушылардың қызығушылығы жоғары. Сол себептен осыған үміттіміз.

Хабар 24 телеарнасы