419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР ИИДМ: 45 жылжымалы медициналық кешен өңірлерге жеткізілді

  • 200
  • UPD: 10:53, 21.10.2020
ҚР ИИДМ: 45 жылжымалы медициналық кешен өңірлерге жеткізілді ҚР ИИДМ

Шалғайдағы өңірлердің тұрғындарына қызмет етуге арналған осындай 100 кешен жеткізу жоспарланып отыр.

Соның арқасында ауыл халқы қалаларға және аудан орталықтарына бармай-ақ УДЗ, ЭКГ және рентген жасай алады.

Бүгінгі таңда «СарыарқаАвтоПром» Қостанай автомобиль зауыты 63 жылжымалы медициналық кешен жасап шығарды. Оның 45-і өңірлерге жөнелтіліп, 18 данасы жіберуге дайындалып жатыр. Қалған 37 кешен өндірісте. Оларды сынақтан өткізілген соң 2020 жылғы 22-23 қазанда жөнелту жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы