423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да 1 қарашадан бастап блокбекеттер қойылады

  • 208
  • UPD: 14:51, 29.10.2020
ШҚО-да 1 қарашадан бастап блокбекеттер қойылады

Бір тәулік ішінде өңір бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 139 жағдайы тіркелді.

100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш жалпы республикалық деңгейден асып, 683,6 құрап отыр.

Облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауының негізгі себептері тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің эпидемияға қарсы шектеу іс-шараларын сақтамауы, сондай-ақ шектес мемлекеттермен жалғасатын жолаушылар мен жүк ағындары болып табылады.

Қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалда өңір басшылығы Өскемен қаласы мен облыс халқының қалыпты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараны қабылдайтын болады.

Кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, ХҚКО-лар жұмыс істейді. Біз бизнесті енгізілген карантиндік шаралардың салдарынан барынша қорғауға тырысамыз.

Жаңа қаулы жақын арада жарияланады.

Хабар 24 телеарнасы