422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда түнгі мезгілде көлік қозғалысына шектеу қойылды

  • 229
Оралда түнгі мезгілде көлік қозғалысына шектеу қойылды

Оралда түнгі мезгілде автокөліктердің жүрісіне шектеу қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

7 қарашадан бастап сағат 23:00 мен таңғы 06:00 аралығында тек қана арнаулы қызмет көліктері ғана жүре алады. Жаңа қаулы талаптарын бұзғандарға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Жиын-тойлардан түнделетіп тарқайтын тұрғындардың қарасы көп. «Көлік қозғалысын шектеуге де осы себептен барып отырмыз», – дейді сала мамандары.

Перизат Берікқайырова, қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы:

– Шектеу уақытында коммуналдық қызмет пен жедел жәрдемнің жүруіне рұқсат берілген. Егер де қала тұрғындарына жүру немесе дәріханаға бару керек болса, stop.covid сайтына тіркелу арқылы немесе 109 бірыңғай жедел қызметіне қоңырат шалу арқылы тіркеліп шығуына болады.

Хабар 24 телеарнасы