414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында киіктердің саны қанша?

  • 148
Павлодар облысында киіктердің саны қанша?

Павлодар облысында киіктердің саны 10 мыңға жуықтады. Олар Май және Баянауыл аудандарын мекендейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін  қорғауды Орман және жануарлар дүниесін қорғау аймақтық мемлекеттік инспекциясы мен Баянауыл ұлттық паркі жүзеге асырады. Сонымен қатар облыс аумағында «Охотзоопром» арнайы мекемесінің тірек бекеттері орналасқан. Олар 123 миллион гектардан астам алқапты бақылайды. Жұмыс тәулік бойы жүргізіледі. Аймақта желтоқсанның 1-нен 31-не дейін «Киік» акциясының қысқы кезеңі өтеді. Осыған орай ұйымдастырылған арнайы брифингте мамандар жолсыз жерлерді көлікпен кесіп өтудің қиын тұстарын да атап өтті. Жұмыс тиімділігін арттыру үшін биыл киік санағына МИ-2 ұшағы тартылыпты. Ақбөкендермен қатар аймақта Қызыл кітапқа енген арқарлардың да өсімі байқалады. Соңғы екі жылда Павлодар облысында киікке қатысты оқиға тіркелмепті.

Руслан Төлепбаев, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аймақтық инспекциясының жетекшісі:

- Қорғау шараларын таулы жерлерде шөл және дала аудандарда жолсыз жерлерде өте қиын жағдайларына байланысты автокөлікті пайдалана отырып шамамен 123 миллион гектар аумағында жаңағы қорғау шаралары жүзеге асырылады. Ағымдағы жылы осы арнайы қорғау шараларына біз арнайы ұшақтарды қолданған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы