429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысындағы екі елді мекенге уәде етілген ауыз су биыл да жетпей қалды

  • 187
  • UPD: 08:04, 26.12.2020
Қостанай облысындағы екі елді мекенге уәде етілген ауыз су биыл да жетпей қалды

Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы екі елді мекенге уәде етілген ауыз су биыл да жетпей қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Боровской мен Первомай ауылдарына су құбырын  тарту 2017 жылы басталған. Бекітілген жоба бойынша 2019 жылы екі ауылдағы әр үй орталықтандырылған су жүйесіне қосылы тиіс еді. Бірақ бір жылдан бері бұл жұмыс тұралап тұр. Құбыр ауылға кіргенімен көп үйлерге әлі жетпеген. Сондықтан жергілікті тұрғындарға биылғы қыста құдық суымен амалдай тұруға тура келеді. «Ал жобаның аяқсыз қалғандығына мердігер кінәлі», - дейді аудандық әкімдіктегілер. Сондықтан оны заң аясында жауапқа тартпақ ниетте.

Нұрлан Бәжіров, Меңдіқара, аудандық сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы:

- Мердігерді жауапсыз деп тану жөнінде сотқа шағым түсірдік. Бірақ оны сот ақтап шықты. Мысалға, биыл мердігер пандемияны сылтау етіп, жобаны тапсыру мерзімін желтоқсанның 31-іне дейін ұзартты. Алайда оған да үлгірмей жатыр. Біз тағы сотқа бердік. Енді 2021 жылы ауылды ауыз сумен қамту жобасын аяқтайтын шығармыз деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы