389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында балық аулап жүрген 3 адам қаза тапты

  • 869
  • UPD: 19:20, 02.03.2018
Ақмола облысында балық аулап жүрген 3 адам қаза тапты

Ақмола облысының Бурабай ауданында балық аулап жүрген 3 адам қаза тапты.

Оқиға 28 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Щучинск қаласының жанындағы Шортан көлінде болған. Балық аулауға барған бір топ жігіт түнде жылынбақ болып балықшыларға арналған дүңгіршектің ішіне от жаққан көрінеді. Алдын ала болжам бойынша, аталған 3 жігіт түтіннен уланып мерт болған. Ал олармен бірге болған тағы 2 жігіт ауыр халде аудандық ауруханаға жеткізілген.

Гүлнәр Пинчук, облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

- Қазіргі уақытта қаза болған азаматтардың мәйіттері сот-медициналық сараптамасына жөнелтілді. Оқиғаның анық-қанығы осы зерттеуден кейін нақты белгілі болады. Олар жайлы нақты ақпаратты да заңға сәйкес айта алмаймыз.

Хабар 24 телеарнасы