389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында жүк көліктері аударылып қалды

  • 462
  • UPD: 22:53, 21.03.2018

Қостанай облысының бір бөлігінде жаяу боран соқса, енді бір аумағында қар аралас жаңбыр жауды.

Сол себепті Қостанай-Әулиекөл-Сургант және Қарабұтақ-Денисов-Жітқара бағытындағы жолдар жабылды. Ақмола облысына дейінгі  трассаны  көктайғақ басты. Осының салдарынан он шақты жүк көлігі жол жиегіне түсіп кеткен. Қазір жолдардың бәрі ашық,  жағдай қалыпты-дейді жауапты қызмет мамандары.

Ирина Беженарь, облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

- Қазіргі кезде жол жиегіне түсіп кеткен он жүк көлігінің сегізі төтенше жағдайлар қызметінің көмегімен сүйретіліп шығарылды. Айта кету керек, апат кезінде зардап шеккендер жоқ. Көліктер де аса зақымданбаған.

Хабар 24 телеарнасы