389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда жүкті әйел отырған жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

  • 647
  • UPD: 23:21, 24.01.2019
Қостанайда жүкті әйел отырған жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады inform.kz

Аяғы ауыр әйелді ауруханаға алып бара жедел жәрдем көлігі «Лексуспен» соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы қала орталығында болған. Қостанай перинаталдық орталығының санитарлық көлігі «Лексус» маркалы көлікпен соқтығысқан. Белгілі болғандай, жол ережесін «Лексус» автокөлігі бұзған.

«Көлікте жүкті келіншек болған. Оның кеуде қуысы қысылған, қатты секем алған. Бұған қоса, аяғы ауыр әйелді қарап келе жатқан медициналық қызметкер жарақат алды. Бұл фактіні облыстық ПД тексеріп жатыр», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.

Ал полицейлердің сөзінше, «Лексус» көлігін 35 жастағы ер адам басқарған. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы