378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында жоғалған бойжеткеннің мәйіті табылды

  • 177
  • UPD: 10:18, 11.04.2019

Екі ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен Анастасия Галееваның мәйіті Алматы облысындағы су арналарының бірінен табылды. Мәйітті туыстары таныған. Айта кетейік, 22 жастағы Анастасия Галеева 9 ақпан күні «Жаңа қуат» ықшамауданындағы құрбысына кеткенін айтқан. Соңғы күндері жоғалған қызды іздеуге сүңгуірлер де жұмылдырылды.

Нұр-Сұлтанда бейнебақылау камераларының көмегімен полицейлер көше тонаушыларын ұстады. Ал екі ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен Анастасия Галееваның мүрдесі Алматы облысындағы су арналарының бірінен табылды. Осы және өзге де деректер туралы толығырақ «Оқыс оқиға» айдарында.

Қызылорда облысында «Нелегал-2019» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Оның алғашқы күні көші-қон заңнамасын бұзған 180 шетелдік ұсталды. Оның ішінде 5 Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан аумағынан аластатылды. Сондай-ақ шетелдік еңбек күшін заңсыз пайдаланған 14 облыс тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Нелегал» шарасы облыс аумағында 4 күнге жалғаспақ.

Ғабит Балқожаев, облыстық полиция департаментінің КҚҚБ арнайы взводының инспекторы:

- Заңды бұзған ең көпшілігі бұл шетел азаматтарының ішінде Өзбекстан Республикасынан келген азаматтар болып табылады. Құжаттарын дер кезінде заңдастырмай, еңбекке рұқсат алмай жұмысты жүзеге асырып жатқандықтан осындай іс-шара барысында ұсталып, барлығы заң бойынша жауапкершілікке тартылады.

Табиғат полицейлері тиым салынған құралдармен балық аулаған Ақсу қаласының тұрғынын ұстады. Үрлемелі қайықты тізгіндеген ол балықшылардың пайдалануына рұқсат етілмеген 4 дана моно-тормен «Ертіс» өзенінен су маржандарын сүзбек болған. Кейін оның мас күйде екені анықталды. Және ешқандай рұқсат құжаттары болмаған. Заң бұзған балықшыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданады. Жалпы, жыл басынан бері өңірде осындай 115 дерек анықталған.

Нұр-Сұлтанда бейнебақылау камераларының көмегімен полицейлер кісі тонаушыларды ұстады. Үш жас жігіт жаяу жүргіншілердің бірінің ұялы телефоны мен ақшасын тартып алған. Алайда олар патрульдік полициядан бой тасалап үлгермеді. 23 жастағы жігіттер жасаған қылмысын мойындады. Оларды жәбірленуші де таныды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қарағанды қаласын қоқыстан арылтуға полицейлер де атсалысып жатыр. Көрінген жерге қоқыс шашып, темекі тұқылын тастағандарға айыппұл салынды. Осы шараның аясында тазалық ережелерін бұзғаны үшін 2 мыңнан астам қарағандылық жазаланды. Айыппұлдың жалпы сомасы миллион теңгеден асты.

Арман Оразбаев, қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы:

- Сол немесе басқа учаскеге қызмет көрсететін учаскелік инспектор рейдтік іс-шаралар жүргізеді, қоқыстың жиналуын анықтайды және оны жою бойынша шаралар қабылдайды. Бірінші міндет-облыс орталығын ретке келтіріп, тазалау.

Хабар 24 телеарнасы