378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда 6 жасар бала төртінші қабаттан құлап мерт болды

  • 100
  • UPD: 19:55, 15.05.2019
Ақтауда 6 жасар бала төртінші қабаттан құлап мерт болды

Ақтауда 6 жасар бала биіктен құлап, көз жұмды. Қайғылы жағдай кешкі сағат 6-ларда болған.

Бұғанасы қатпаған бүлдіршін 4-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген екен, бірақ дәрігерлер ажалдан арашалап қала алмады. Осы Ақтауда үш күн бұрын ғана дәл осындай жағдай болған еді. Ол жолы ашық тұрған терезеден құлаған 3 жасар қыз ағашқа ілініп, аман қалған. Бүлдіршін қазір ауруханада емделіп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жаз шыға балалардың биіктен құлау оқиғалары жиілейді. Биылдың өзінде маңғыстаулық дәрігерлер терезеден құлаған 7 баланың өмірін сақтап қалған.

Азамат Сәрсенбаев, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Балаларға ашық тұрған терезеден сыртқа қарау қызық қой. Олар құлаймын деп ойламайды. Сондықтан да ата-аналар мұқият болуы тиіс. Облыстық балалар ауруханасына аптасына шамамен биіктен құлаған 10-15 бала түседі. Бірі көп қабатты үйден құласа, енді бірі баспалдақтан, тағы бірі ойын алаңдарындағы құралдардан құлаған.

Хабар 24 телеарнасы