385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балқашта ер адам тұрғындарға оқ жаудырды

  • 171
  • UPD: 17:57, 30.07.2019
Балқашта ер адам тұрғындарға оқ жаудырды zakon.kz

28 шілдеде травматикалық қарудан жарақаттанған 28 және 29 жастағы екі тұрғын Балқаштағы қалалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды zakon.kz облыстық ПД сілтеме жасап.

Аталған факті полиция бөлімінде тіркелді. Іздестіру шаралары нәтижесінде 28, 29 және 34 жастағы үш азамат ұсталды.

Жолында кездескендерге оңды-солды оқ атқан 28 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек негізінде ҚР ҚК бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Хабар 24 телеарнасы