386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жоғалып кеткен 29 жастағы жігіттің денесі Есіл өзенінен табылды

  • 344
  • UPD: 10:45, 07.08.2019
Жоғалып кеткен 29 жастағы жігіттің денесі Есіл өзенінен табылды

Есіл өзенінен Петропавл қаласының жоғалып кеткен 29 жастағы тұрғынының денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Солтүстік Қазақстанда бірнеше күн бойы жоғалып кеткен Петропавл қаласының тұрғыны іздестірілген болатын. 7 тамыз күні таңертең Есіл өзеніне жақын тоғаннан 1990 жылы туған Салықов Сағындық Ерденұлының денесі табылды. Мәйітте ешқандай жарақат белгісі жоқ. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жөнелтілді», – делінген СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Жас жігіт 3 тамызда жоғалып кеткені хабарланып отыр. Соңғы рет Хименко-Жағалау көшесіндегі сауда үйінің камерасына жас жігіттің Есіл өзеніне беттеп бара жатқаны түсіп қалған.

Хабар 24 телеарнасы