375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Біртанов тісін емдеткеннен кейін комаға түскен баланың жағдайын бақылауға алды

  • 186
  • UPD: 23:42, 07.01.2020
Біртанов тісін емдеткеннен кейін комаға түскен баланың жағдайын бақылауға алды

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елорданың стамотологиялық клиникаларының бірінде тісін емдеткеннен кейін ес-түссіз қалған қыз баланың жағдайын өз бақылауына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетсек, елорда тұрғыны Анастасия Зелёная «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» Facebook тобында екі жарым жастағы баласының стамотологиялық клиникаға қаралғаннан кейін ес-түссіз қалғанын жазған болатын. Бала 11 тәуліктен бері есін жия алмай жатыр. Осы оқиғаға байланысты Елжан Біртанов түсінік берді.

«Жағдайды бақылауымда ұстап отырмын. Өкінішке орай, баланың жағдайы өте ауыр. Бірақ дәрігерлер тарапынан медициналық көмек барынша көрсетілуде. Оған толыққанды деңгейде жәрдем беріледі», - деп жазды министр Facebook парақшасында.

Сонымен қатар министр ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабековаға аталмыш стаматологиялық клиниканы тексеруді тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы