427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда өзгенің үйін паналаған екі адам өртеніп кетті

  • 142
  • UPD: 12:06, 12.08.2020
Алматыда өзгенің үйін паналаған екі адам өртеніп кетті

Алматыда жер үйден өрт шығып, екі адам мерт болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға 11 тамыз күні Түрксіб ауданында болды. Өрт сөндіру қызметіне Волочаев көшесіндегі №399 үйдің жанып жатқаны жөнінде хабар түнгі сағат 23:29-да түскен.

«Алғашқы өрт сөндіру бригадалары келген кезде екі бөлмелі жер үй өртеніп жатты. Куәгер үйде тұрақты мекені жоқ адамдардың (қаңғыбастар) болуы мүмкін екенін айтты. Өртті сөндіру және тексеру кезінде екі ер адамның мәйіті табылды. Қазір олардың аты-жөндері анықталуда», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Анықталғандай, үйдің иесі қазіргі уақытта Алматы облысында тұрады. Үй коммуникациядан толықтай ажыратылған. Өрттен көз жұмған қаңғыбастар терезе арқылы кіріп жүрген. Құтқарушылар бригадасы келген кезде үйдің есігінде құлып тұрған.

Өрт 21 минут ішінде сөндірілді. Қызыл жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Оны ауыздықтауға 21 өрт сөндіруші мен 6 техника жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы