426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екібастұзда өрт кезінде төрт жасар қызды күйік шалды

  • 156
  • UPD: 11:41, 04.09.2020
Екібастұзда өрт кезінде төрт жасар қызды күйік шалды

Екібастұзда өрт кезінде төрт жасар қыз баланы күйік шалды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Екібастұзға өрт-сынақ зертханасының қызметкерлері аттанды, деп хабарлады Рavlodarnews.kz

«Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі үйдегі өрт туралы хабарлама облыстық төтенше жағдай департаментінің бірыңғай диспетчерлік қызмет пультіне кеше сағат 22:13-те түсті. Екі бөлмелі пәтердің балконында үй заттары өртеніп, үш шаршы метр аумақта балконның ағаш қаптамасы және терезенің пластикалық жақтаулары жартылай жанып кетті. Оқиға орнынан 2016 жылы туған қыз бала Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді. Бүлдіршіннің бөксесін, сол аяғы мен сол қолын бірінші және екінші дәрежелі күйік шалған», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер келгенше өрт шыққан подъезден 15 адам өздігінен эвакуацияланды. Оның ішінде үш бала болған.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын анықталып жатыр. Өрт сағат 22:22-де ауыздықталып, сағат 22:49-да толықтай сөндірілді. 

Хабар 24 телеарнасы