429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жеңіл көлік жерасты өткеліне кіріп кетті

  • 228
  • UPD: 18:10, 24.09.2020
Алматыда жеңіл көлік жерасты өткеліне кіріп кетті

Бүгін таңертең Алматыда бұрын-соңды болмаған жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеңіл көлік жаяу жүргіншілерге арналған жерасты өткеліне кіріп кеткен. Жолаушысын күтіп отырған жүргізуші тежегішке қоюды ұмытыпты. Көлік баспалдақпен сырғып, жерасты өткелінің кіреберісіне тұрып қалған. Полицияның хабарлауынша, жүргізуші тез қимылдап, көлігін тоқтатып үлгерген. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Салтанат Әзірбек, ПД ресми өкілі:

- Әуезов ауданына қарасты Райымбек даңғылы мен Момышұлы көшелерінің қиылысындағы жерасты өткелінде орын алған болатын. Аталған дерек Әуезов аудандық полиция басқармасына қарасты әкімшілік тәжірибе бөлімінде тексерілуде. Міндетті түрде іс материалдары сотқа жөнелтілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы