432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда өрттен екі бала көз жұмды

  • 174
  • UPD: 13:07, 01.10.2020
Таразда өрттен екі бала көз жұмды

1 қазан күні сағат 09:57-де полицияға Тараздағы Ақмолалық көшесінің бойында өрт болғандығы туралы қоңырау түсті, деп хабарлады Polisia.kz.

Өрт сөндірушілер өртті сөндірді. Оқиға орнынан 2017 және 2018 жылы туған екі баланың мәйіті табылды.

Өлім жағдайларының себебі көмірқышқыл газына улану болуы мүмкін.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы, 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы