423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда пәтерден үш бала мен анасының денесі табылды

  • 130
  • UPD: 17:58, 09.11.2020
Павлодарда пәтерден үш бала мен анасының денесі табылды pavlodarnews.kz

Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«9 қараша күні сағат 12:00-де полицияға ер адамнан Айманов көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан үйдегі пәтерден төрт адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы пәтер иесі үйге оралғаннан кейін  есікті аша алмағанын анықтады, өйткені есік ішкі жағынан жабылған. Көршілерден  құралды алып, есікті ашқан», – делінген облыстық ПД баспасөз мәлімдемесінде.

Пәтерге кірген кезде бөлмелердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар жұбайының және үш баланың (2013, 2015 және 2017 жылдары туған) денесін көрген.

Ерлі-зайыптылар бірге тұрады, балалары ортақ некеден туған. Пәтердегі тәртіп бұзылмаған. Полицияны жолдасы шақырған.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Аталған үйдегі тұрғынның айтуынша, көршілер болған оқиғадан шошып  қалған.

– Олар осы жақтан емес, – дейді сол үйдің тұрғыны. – Үш баласы болды. Әйел жас, сүйкімді еді. Ол балаларын Ертіске апаратын, қорғап жүретін. Балалар әрқашан таза, ұқыпты киінетін. Олар туралы жаман ештеңе айта алмаймын. Біз барлығымыз есеңгіреп қалдық.

Хабар 24 телеарнасы