420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда үш көлік соғылып, екі адам жарақат алды

  • 115
  • UPD: 15:10, 04.12.2020
Алматыда үш көлік соғылып, екі адам жарақат алды

Алматыда әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан екі адам жарақат алды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қалалық полиция департаменті хабарлағандай, жол апаты түнгі сағат 23:45-те Шығыс айналма жолында болған.

«Mercedes-Benz, Hyundai, Mitsubishi Pajero көліктері Шығыс айналма жолында бір-біріне соғылған. Жол апатынан 34 және 19 жастағы жүргізушілер жарақат алды», - деді баспасөз қызметінен.

Бұл дерек бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр

Хабар 24 телеарнасы