420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте 12 жасар оқушы сегізінші қабаттан құлап аман қалды

  • 173
  • UPD: 12:20, 23.12.2020
Шымкентте 12 жасар оқушы сегізінші қабаттан құлап аман қалды фото: kz.otyrar.kz

Оқыс оқиға 22 желтоқсанда сағат 21:30 шамасында болған, деп хабарлайды Otyrar.kz.

2008 жылы туған оқушы қыз «Шымсити» шағынауданындағы сегізінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап аман қалды. Қазіргі таңда ол «Асар» шағынауданындағы қалалық балалар ауруханасында ауыр халде жатыр.

Тәртіп сақшылары қайғылы оқиға болған кезде ата-анасының қайда болғаны және ол көп қабатты үйдің терезесінен құлап кеткен кезде баланың жанында кім болғанын анықтаа жатыр. Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.

Көршілерінің айтуынша, сол күні кешке пәтерде әкесі де, шешесі де болмаған. Болжам бойынш, жарақат алған баланың анасының туыстарының бірі қараған. Алайда бұл ақпаратқа ресми түсініктеме жоқ.

Хабар 24 телеарнасы