386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШЫҰ мен Халықаралық Қызыл крест комитеті өзара түсіністік туралы келісті

  • 616
  • UPD: 13:14, 09.06.2017

Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің аясында Бас хатшы Рашид Алимов пен Халықаралық Қызыл крест комитетінің вице-президенті Элизабет Берли кездесті.

Олар жаһандық гуманитарлық саладағы мәселерді қаузап, өзара түсіністік жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл құжат негізінде енді Шанхай ынтымақтастық ұйымы хатшылығы мен Халықаралық Қызыл крест гуманитарлық құқық бағытында бірлесе жұмыс істейтін болады.

Элизабет Берли, Халықаралық Қызыл крест комитеті президентінің орынбасары:

- Шанхай ынтымақтастық ұйымымен біздің ортақ бағыттарымыз көп. Қызыл крест комитеті тәуелсіз серіктес саналады. Менің ойымша бүгінгі бекітілген құжат біздің бірлескен жұмысымыздың басы ғана.

Рашид Алимов, ШЫҰ Бас Хатшысы:

- Біз меморандумда белгіленген ережелерді жүзеге асырудың жолдарын анықтап алдық. Құжат іс жүзіндегі ынтымақтастыққа мол мүмкіндік береді. Біз әсіресе халықаралық гуманитарлық құқық, төтенше жағдайлардың алдын алу және білім мен денсаулық секілді мәселелерде ақылдаса жұмыс істемекпіз.

Хабар 24 телеарнасы