365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ Бас ассамблеясының 73-ші сессиясына қазақстандық делегация да қатысады

  • 180
  • UPD: 22:52, 24.09.2018
БҰҰ Бас ассамблеясының 73-ші сессиясына қазақстандық делегация да қатысады revistagalileu.globo.com

Нью-Йоркте БҰҰ-ның 73-ші сессиясы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күн тәртібіне халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрақты даму, адам құқықтары, гуманитарлық көмек, қарусыздану, сот төрелігін нығайту және халықаралық құқықты дамыту секілді ұзын-ырғасы 175-тен астам мәселе шығарылмақ. Бас Ассамблеяның жалпы дебаттарына Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бастаған қазақстандық делегация да қатысады. Министр Ұйым мінберінен 28 қыркүйекте сөз сөйлейді деп жоспарланған. Сондай-ақ сессия аясында Қайрат Әбдірахманов БҰҰ ресми өкілдері, Сыртқы істер министрлері, америкалық және әлемдік деңгейде аты шыққан іскер топ өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді. Бастысы, Ассамблея сессиясында Қазақстан «Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу» кодексін таныстырады. Құжат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әзірленген.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

- БҰҰ Бас ассамблеясының 73-ші сессиясы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу» және БҰҰ-2030 күн тәртібі шеңберінде таратпау және қарусыздандыру, бітімгершілік, тұрақтылық-әлеуметтік экономикалық даму салаларындағы бірқатар саяси бастамаларын ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы