389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан бейбітшілікке бағытталған жұмысын жалғастырады

  • 911
  • UPD: 08:44, 26.01.2019
Қазақстан бейбітшілікке бағытталған жұмысын жалғастырады

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде жұмысын аяқтағанымен, еліміз әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге өз үлесін қосып жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл тұрғыда сарбаздарымыздың Ливандағы БҰҰ күштерінің құрамындағы қызметін атауға болады. Қазақстанның бітімгерлерін осы елге жіберуі халықаралық қауымдастықтың жоғары бағасына ие болған. Жауынгерлеміз Ливанда Үндістан әскери контингентінің құрамында қызмет етіп жүр.

Қайрат Омаров, БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі:

- Алғаш рет 120 сарбазымыз өзге елде орналастырылып, бейбітшілікті қамтамасыз етуге арналған маңызды әрі игі міндетін орындап жүр. Бұл - Елбасы бізге тапсырған басым мақсаттардың бірі. Осы міндетті абыроймен орындадық. Бұл істе Үндістанмен жақсы қарым-қатынасымыз өз септігін тигізді. Әрине, бәрі біріншіден Елбасының үлкен еңбегі, ол ұсынған бастамалары арқасында халықаралық сахнада еліміздің беделі едәуір артып келеді.

Хабар 24 телеарнасы