389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түрік ағартушылары: Түркі жұрты Ататүрік сынды көшбасшымен қауышты

  • 615
  • UPD: 23:51, 01.06.2019
Түрік ағартушылары: Түркі жұрты Ататүрік сынды көшбасшымен қауышты

Анкарада өткен «Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімі және Қазақстанның болашағы» атты жиынға қатысқан түрік ағартушылары мен саясаткерлері осындай пікірде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың айтуынша, Елбасының соңғы бірнеше айда қабылдаған маңызды шешімдері – тарих сахнасында тек қана бірлі жарым көшбасшылардың ғана қолынан келген іс. Жиын барысында сондай-ақ 9 маусымда өтетін президенттік сайлау туралы толыққанды ақпарат берілді. Қазақстан елшісі Абзал Сапарбекұлы Елбасының тарихи шешіміне тоқталып, оның ішкі және сыртқы саясаттағы бастамалары жалғасатындығын атап өтті. Жиналған қауым алдағы сайлаудың Қазақстанның әрі қарай дамуы, қазақ-түрік қатынастары үшін оңды нәтижелерге алып келетініне деген сенімдерін білдірді.

Намык Кемал Зейбек, Түркияның бұрынғы мәдениет министрі:

- Түбі бір түркі жұртының ХХ ғасырдағы Батыстағы көшбасшысы Мұстафа Кемал Ататүрік болса, Шығыстағы көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екені сөзсіз. Назарбаевта Білге қағанның даналығы мен Күлтегіннің батырлық қасиеттері бар. Ол бүкіл түркі жұртының кемеңгері. Бұл менің ойым емес. Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан мен бірқатар түркітілдес мемлекеттердегі ағартушылардың пікірі. Мен оған куәмін.

Фейзуллах Будак, Қазақстан-Түркия достық қауымдастығының төрағасы:

- Құрметті Назарбаевтың 30 жылдық басқаруы тұсында Қазақстан нендей қиын-қыстау кезеңдерден сүрінбей, бүгінгі деңгейге жетті. Елдің ішкі және сыртқы саясатында сындарлы бағыты арқылы әлем Қазақстанды мойындады. Назарбаевтың жүргізген саясатына терең тарихи және ұлттық сана арқау болды. Елбасы негізін қалап, аяғынан тік тұрғызған тәуелсіз Қазақстан жаңа кезеңде Елбасының сара жолын жалғастырады деген үміттемін.

Хабар 24 телеарнасы