383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мақсат Сқақов Мемлекет басшысының штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

  • 236
  • UPD: 13:49, 18.06.2019
Мақсат Сқақов Мемлекет басшысының штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды Baribar.kz

Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсат Сқақов Қазақстан президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

«Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсат Нұрлыбекұлы Сқақовты өзімнің штаттан тыс кеңесшім етіп тағайындадым. Ол қоғаммен байланыс жөніндегі жұмыстармен айналысады», – деп жазды Мемлекет басшысы.

Хабар 24 телеарнасы