387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Браконьермен күресте қаза тапқан инспектор Қ.Нұртазинов «Айбын» орденімен наградталды

  • 410
  • UPD: 13:04, 25.07.2019
Браконьермен күресте қаза тапқан инспектор Қ.Нұртазинов «Айбын» орденімен наградталды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысында браконьермен арпалыста қаза тапқан инспектор Қаныш Нұртазиновты І дәрежелі «Айбын» орденімен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ Президент күрес кезінде жараланған екінші инспектор Самат Оспановты ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградтау туралы құжатқа қол қойды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

І дәрежелі «Айбын» орденімен

Нұртазинов Қаныш Серікұлы (марқұм) - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы;

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Оспанов Самат Қошбергенұлы - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы.

 

  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                                                                  Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 25 шілде

                     № 79

Хабар 24 телеарнасы