387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тоқаев Ядролық сынақтарға тыйым салу туралы шарт ұйымының атқарушы хатшысымен кездесті

  • 132
  • UPD: 21:02, 29.08.2019

Ядролық қаруға жалпыға бірдей тыйым салу шарты даярлау комиссиясының атқарушы хатшысы Лассина Зербо бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың да қабылдауында болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар екіжақты әріптестікті тереңдету жайын талқыланды. Президент халықаралық шартты жүзеге асыруға Қазақстан тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты. «Егер пікір алаңын ұсыну қажет болса, еліміз оған да мүмкіндік жасайды», - деді. Халықаралық ұйым өкілі Тұңғыш Президент пен Мемлекет басшысының ядролық қарусыз әлем құру бағытындағы бастамаларын жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Сіздің әлемді ядросыздандыру ісіне қосқан үлесіңіз лайықты бағаланғаны үшін құттықтаймын. Осы салада атқарған қызметіңіз және ядролық қаруға жалпыға бірдей тыйым салу шарты аясында көрнекті қайраткерлер мен жастар тобын құруға бастамашылық еткеніңіз жоғары бағаға лайық. Осы форматтағы кездесудің алғашқы отырысы елордамызда өткен болатын. Егер бұл істі әрі қарай жалғастыру қажет болса, біз қолдауға әзірміз. Сіздің ұйыммен әріптестігіміз алдағы уақытта да жалғаса береді.

Лассина Зербо, Ядролық сынаққа жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарты ұйымы даярлау комиссиясының атқарушы хатшысы:

- Бүгінгі салтанатты шара өте жоғары деңгейде өтті. Біз осы елдің Тұңғыш Президенті арқылы өз бастамаларымызды жүзеге асыруға мүмкіндік алдық. Мұнда мен алғаш рет 2005 жылы келген едім. Сонда осы мемлекетпен біраз байланысым бар екенін білдім. Тұңғыш Президенттеріңіз және өзіңіз ядросыз әлем құруға мүмкіншіліктеріңіз зор екенін білемін. Әрқайсымыз қажырлы еңбек етсек, осы мақсатқа жететін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы