418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондонда Қазақстанның сыртқы саяси бағыты талқыланды

  • 456
  • UPD: 14:41, 15.10.2019

Лондонда Қазақстанның Еуропа және Азия елдері арсындағы қарым-қатынасты нығайтуға және дамытуға бағытталған сыртқы саясаты талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Британияның Henry Jackson сараптамалық орталығының мүшелері, сонымен қатар Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесінің қорытындысы туралы да сөз қозғады.

Henry Jackson қоғамының мүшелері өте маңызды мәселелер бойынша ғана бас қосады. Бұл жолы соның реті келгендей. Оларды Еуразия елдері парламенттері спикерлері IV кеңесінің нәтижелері қызықтырды. Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов Еуразия кеңістігіндегі өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және кеңейту туралы сұрақтарға тұшымды жауап берді.

Эндрю Фоксал, Henry Jackson қоғамы зерттеулер орталығының директор:

- Бүгінгі шараның басты месседжі – Қазақстан әлемдегі барлық маңызды оқиғалардың басы-қасында жүреді. Сіздердің бастамаларыңыз біріккен Еуразияның тұрақты болашағы үшін өзара байланысты қалыптастыруға ықпал ете бермек.

Брифингте елдегі реформалар мен саяси бағыттың сабақтастығы да сөз болды. Пікірталас қатысушылары Нұр-Сұлтанның ірі сыртқы саяси және халықаралық бастамаларына оң бағасын берді.

Стивен Диел, Henry Jackson қоғамының мүшесі:

- Қазақстанда бірнеше жыл бұрын өзім көрген және қазір естіп жатқан жаңалықтарға ризамын. Посткеңестік елдер арасында Қазақстанның салған жолы, меніңше, көрегендіктің белгісі дер едім.

Айта кетейік, Henry Jackson қоғамы Кембридж университеті жанынан 2005 жылы құрылып, америкалық сенатор-демократтың есімімен аталған. Мақсаты – Ұлыбритания халықаралық саясатын әртүрлі қырынан зерттеу. Қоғам әлем халқының құқығын қорғауға бағытталған сыртқы саясатты ұстанады.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы