380,93 420,00 6,10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

  • 163
  • UPD: 11:25, 30.12.2019
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Азамат Байқуанышұлы Батырқожа ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Азамат Батырқожа 1972 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ф.Дзержинский атындағы әскери академияны және «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы бастаған. Түрлі жылдары корпоративтік секторда, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде, ҚР Ұлттық банкінде, «Қазақтелеком» АҚ-да, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, ҚР Премьер-министрінің кеңсесінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінде, «Самұрық-Қазына» тұрақты даму қорында жұмыс істеген.

2015-2017 жылдары – ҚР ИДМ Технологиялық және инновациялық даму департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті.

2019 жылдың ақпан айынан бастап қазірге дейін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Хабар 24 телеарнасы