413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дархан Кәлетаев ҚР-ның Украинадағы елшісі қызметіне тағайындалды

  • 425
Дархан Кәлетаев ҚР-ның Украинадағы елшісі қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне, Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Айдарбек Ануарбекұлы Тұматов Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Самат Исламұлы Ордабаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Хабар 24 телеарнасы