422.66 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

С.Көшкінбаев – Елбасы мақаласында оптимистік көзқарас бар

  • 332
  • UPD: 15:43, 08.04.2020

Саясаттанушы, сарапшы Санат Көшкінбаев: Елбасының жаңа мақаласы осы сын сағата елді бірлікке бастаған үндеу дейді. Тұңғыш Президент өз мақаласында еліміздің талай қиындықты бірге жеңіп, зор жетістікке жеткенін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ауыртпалықты да еңсереміз деген Елбасы халықпен бірге екенін жеткізді.

Санат Көшкінбаев, саясаттанушы:

– Ең алдымен Елбасы мақаласынан байқағаным, оптимистік көзқарас бар. Қай кезеңде де дағдарыс деген үрей, қобалжу мен қиындық тудырады. Алайда сынымен қатар, зор мүмкіндіктер мен жаңа бағыттарға жол ашады. Бұл жолғы дағдарыстың да түбі бір шешімі болады. Жеңіп шығамыз. Елбасы да сол мүмкіндіктер туралы айтады. Тұңғыш Президент елді сабырға шақырып, қиындыққа мойынсұнбау керектігін айтады. Керісінше, жаңа жолдары іздеп, дамуды тоқтатпау керек.

 

Хабар 24 телеарнасы