424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордадан Сенат депутаттығына төрт үміткер тіркелді

  • 175
  • UPD: 22:05, 06.08.2020

Қызылорда облысынан Сенат депутаттығына 4 кандидат тіркелді. Әуелі сайлауға 5 адам ұсынылған. Оның біреуі өз еркімен кандидатурасын кері қайтарып алды.

Үміткерлер қатарында 2 кәсіпкер, бір облыстық мәслихат депутаты мен мемлекеттік мекеменің басшысы бар. Кандидаттарға облыстағы түрлі деңгейдегі мәслихаттардың 138 депутаты дауыс береді.

Ғалым Баймырзаев, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Төрт кандидат тіркелген. Оның үшеуі ер, біреуі әйел адам. Мамандықтары бойынша 1 экономист, 1 дәрігер, 1 журналист, 1 инженер. Тіркелген кандидаттардың орташа жасы 47 жас. Барлық кандидаттар «Нұр Отан» партиясынан тіркелген. Барлық кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Хабар 24 телеарнасы