433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Парламент Сенатындағы әйелдердің үлесі 29%-ке жетті

  • 249
  • UPD: 17:50, 13.08.2020
Парламент Сенатындағы әйелдердің үлесі 29%-ке жетті

Күні кеше сайланған депутаттардың бесеуі – әйел. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы сайлауды қорытындылап, арнайы қаулы қабылдады, деп хабарлайды «Хабар».

Алдын ала жарияланған қорытындыда өзгеріс жоқ. 17 сенатордың төртеуі қайта сайланған. Екі депутат облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 3 бірдей ауданның әкімі Сенатқа кетті. Сондай-ақ жергілікті мәслихаттың хатшысы да сенатор атанды. Бизнес саласынан 3 адам сайланды. 14 облыс орталығы мен 3 ірі қалада сайлау заңға сәйкес өткен. Ешқандай арыз-шағым тіркелмеген. Сайлау өткен орындарда санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сақталған. Дауыс берушілердің 94,1%-і қатысып, дауыс берген. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, үгіт-насихат шараларына бөлінген қаржының 40%-і үнемделген. Бұл ақша республикалық бюджетке қайтарылады.

Хабар 24 телеарнасы