420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың Сауда палатасы қазақстандық-америкалық іскерлік кеңес құрғанын жариялады

  • 129
  • UPD: 12:05, 02.09.2020
АҚШ-тың Сауда палатасы қазақстандық-америкалық іскерлік кеңес құрғанын жариялады

АҚШ-тың Сауда палатасы Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мақсатында Қазақстандық-американдық Іскерлік кеңесі (USKZBC) өз жұмысын бастағаны жайлы ресми түрде жариялады, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Іскерлік кеңестің басты миссиясы – АҚШ Сауда палатасының кеңейтілген платформасы арқылы екі ел арасындағы экономикалық байланысты одан әрі тереңдету. Кеңес төрағасының қызметін Қазақстан экономикасына ең ірі инвестор болып табылатын Chevron компаниясы атқарады. Кеңестің хатшылығы вице-президент Хуш Чоксидің жалпы басшылығымен АҚШ Сауда палатасының арнайы аумақтық департаментінде орналасады.

Сауда палатасының хабарламасында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы жылына шамамен 2 миллиард АҚШ долларын құрайтыны және ауыл шаруашылығы, энергетика, тау-кен өндірісі және инфрақұрылым секілді салаларда өзара сауданың одан әрі өсуіне үлкен мүмкіндіктер бар екендігі айтылған. Қазіргі уақытта Қазақстанда 700-ден астам америкалық компания жұмыс істейді.

АҚШ Сауда палатасының вице-президенті Майрон Бриллиант атап өткендей, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанының 30 жылдығы қарсаңында ұйым екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға белсенді қатысуға ниетті.

«Қазақстандық-америкалық Іскерлік кеңестің АҚШ Сауда палатасы құрамына кіруі бизнес қауымдастықты осы маңызды және стратегиялық қарым-қатынасты дамыту үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етеді», - деді Еуразия-Тынық мұхиты өңірі бойынша Chevron компаниясының президенті Найджел Хирн.

«Біз АҚШ Сауда палатасында қазақстандық-америкалық Іскерлік кеңестің ашылуын Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық серіктестікті кеңейтуге қуатты серпін беретін және екі елде жаңа жұмыс орындары мен мүмкіндіктердің пайда болуына ықпал ететін тарихи оқиға деп бағалаймыз. Орталық Азиядағы жетекші экономика ретінде Қазақстан АҚШ-тың сенімді серіктесі болып қала береді және америкалық компаниялармен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын», - деді Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыханов.

Хабар 24 телеарнасы