428,05 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтады

  • 72
  • UPD: 19:57, 07.10.2020
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтады

Елбасы Ресей Федерациясының президентімен телефон арқылы сөйлесті.

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық және қызметіне табыс тіледі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ресей басшысының екі ел арасындағы серіктестікті нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин аймақтағы ахуал жөнінде пікір алмасып, жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ой бөлісті. Әңгіме соңында тараптар Қазақстан-Ресей серіктестігінің қазіргі деңгейін жоғары бағалап, екеуара ынтымақтастық әлеуетінің зор екеніне тоқталды.

Хабар 24 телеарнасы