422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кәсіподақтар федерациясы депутаттар сайлауына бақылаушы ретінде қатысады

  • 88
Кәсіподақтар федерациясы депутаттар сайлауына бақылаушы ретінде қатысады

Кәсіподақтар федерациясы Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі мен мәслихат депуттарының сайлауына бақылаушы ретінде қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіподақтар орталығы төрағасының міндетін атқарушы Төлеген Күнәділов брифингте айтты. Қазақстандағы ең ірі қоғамдық бірлестік ретінде Кәсіподақтар федерациясы маңызды ішкі саяси процестерден тыс қала алмайтынын атап өтті. Сондай-ақ Федерация Қазақстан бойынша 1500-ға жуық сайлау учаскелерін қамтиды. 3 мыңнан астам байқаушы даярланады.

Төлеген Күнәділов, Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіподақтар орталығы төрағасының міндетін атқарушы:

– Әйелдер мен жастардың 30%-тік квотасы ерекше болып отыр. Біздің ешқандай партияға қатысымыз жоқ. Ең ірі қоғамдық ұйым әрі бақылаушы ретінде қатысамыз.

Хабар 24 телеарнасы