419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР Премьер-Министрі қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

  • 221
ҚР Премьер-Министрі қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

«Қымбатты қазақстандықтар, сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын! Қазақстанның экономикасы қуатты тәуелсіз ел болып қалыптасуы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Қазіргідей жаһандық экономикалық дағдарыс аясында Қазақстанның ұлттық экономикасы тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсетіп отыр. Оған Тәуелсіздік жылдары Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси реформалардың тиімді жүзеге асырылуы негіз болды. Елбасы мұрындық болған Қазақстанның стратегиялық даму бағыты экономикамыздың бұдан кейінгі тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, халқымыздың өмір сүру сапасын арттыратынына сенімдімін. Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, табыс, татулық пен игілік тілеймін!» – деп ізгі тілегін білдірді. 


Хабар 24 телеарнасы