387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде алғаш рет жамбы атудан халықаралық жарыс басталды

  • 721
  • UPD: 23:24, 12.08.2017

Аттың құлағында ойнап, құралайды көзге атқан үздік мерген Астанада анықталады.

Елімізде алғаш рет «Алтын жебе» атты жамбы атудан халықаралық жарыс басталды. Елордаға әлемнің 25 елінен елуге жуық шабандоз келді. Олардың қатарында ТМД елдерінен бөлек Моңғолия, Түркия, Малайзия, Румыния, Қытай, Катар, Германия мен Польшадан келген бірнеше дүркін чемпиондар да бар. Біріншілік жапондық шабандоздардың «я бу саме» атты қойылымымен басталды. 2 күнге жалғасатын сайыс 3 кезеңнен тұрады. Жүлде қоры – 4 жарым млн теңге.

Итиро Кавабата, Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі:

- Қазақстан мен Жапония арасында мәдени ұқсастық бар екеніне көзім жетті. Халқымыз қасиетті жылқы түлігін ерекше бағалайды. Садақ атудан да алдымызға жан салмаймыз. Бұл тарихи дәстүр екі елде де бар. Жапонияның атты садақшыларын өнерлерін ортаға салу үшін шақырғанымыз да сондықтан.

Сәрсенбай Құлбаев, «Жамбы ату» ұлттық спортының бапкері: 

- Қазақстанда жамбы ату біріншілігі осымен үшінші рет өткелі тұр. Алайда бұл халықаралық деңгейдегі алғашқы қадам. Біздің елімізден 5 шабандоз қатысады. Спорттың бұл түрі Корея, Венгрия, Түркия және Моңғолия елдерінде кеңінен дамып келеді.

Хабар 24 телеарнасы