383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Есту қабілеті төмен спортшылар арасында шайбалы хоккейден ел чемпионаты басталды

  • 522
  • UPD: 18:28, 09.04.2018
Есту қабілеті төмен спортшылар арасында шайбалы хоккейден ел чемпионаты басталды

Есту қабілеті төмен спортшылар арасында шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты басталды.

Іріктеу сынында алғашқылардың бірі болып, Алматы мен Қостанай командасы кездесті. Жалпы сайысқа алты өңір қатысып жатыр. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында аталған спорттың енді қолға алынғанын ескерсек, бұл – жап-жақсы көрсеткіш. Чемпионат сәуірдің 13-іне дейін жалғасады. Жарыс қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткендер ұлттық құрамға алынып, алдағы жылы сурдлимпиадалық ойындарда ел намысын қорғайды. Жерлестеріміз әлемдік деңгейде бұған дейін де жақсы нәтиже тіркеп үлгерді. Мәселен, өткен жылы АҚШ-та болған әлем чемпионатында 4-сатыға тұрақтады. Тағы бір айта кетерлігі, қазіргі таңда еліміз бойынша есту қабілеті төмен 300-ге жуық адам спорттың дәл осы түрімен айналысады.

Максим Рожков, жаттықтырушы:

– Құрылғанына 4 жыл болған хоккей командалары бүгінге дейін шетелдерде де өнер көрсетіп үлгерді. Арасында халықаралық сайыстың үздік бестігіне кіргендерде бар. Биылғы чемпионатта үздік хоккейшілерді таңдап, Қазақстан құрамасын құруды жоспарлап отырмыз. Олар келесі жылы сурдлимпиадалық ойындарға қатысады.

Хабар 24 телеарнасы