375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда волейболдан ерлер арасында чемпионат өтіп жатыр

  • 698
  • UPD: 18:39, 20.04.2018
Павлодарда волейболдан ерлер арасында чемпионат өтіп жатыр

Павлодарда ерлер арасындағы волейболдан Ұлттық лига ойындарының кезекті чемпионаты өтіп жатыр.

Жарыстың екінші күні фаворит саналған «Алтай» командасы атыраулық клубқа есе жіберді. Қорытынды есеп: 2:3. Соның арқасында, Батыс Қазақстандық волейболшылар жалпы тізімнің топ басына шықты. Екінші орында Павлодар құрамасы келеді. Жергілікті спортшылар соңғы ойында маңғыстаулық команданы айқын басымдықпен ұтты. Үздік үштіктің арасында Хромтау да бар. Ұлттық Лиганың шешуіші ойындары 22 сәуірде өтеді. Сәйкесіннше жарыстың жалпы қорытындысы да сол кезде белгілі болады. 

Геннадий Паршин, Қазақстан ұлттық командаларының үйлестірушісі:

- Алтын, күміс, қола жүлдегерлерге байланысты мәселе ойынның соңғы екі күнінде шешілетін болады. Ол 21-22 сәуір. Сол кезде біз осы маусымда Чемпионаттың бірінші, екінші, үшінші жүлдегерлері болатынын білетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы