382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогінің бірінші кезеңі өтті

  • 465
  • UPD: 23:55, 22.05.2018
Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогінің бірінші кезеңі өтті

Алматыдағы орталық стадионда жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогінің бірінші кезеңі өтті.

Бұл жарысқа ұлттық құрама үздіктерінің біразы қатысқан жоқ. Олар биылғы жылдың басты додасы - жазғы Азия ойындарына дайындалып жатқан көрінеді. 100 метр қашықтыққа жүгіруде ұлттық құрама мүшесі Владислав Григорьев  жеңіске жетті. Оның уақыт көрсеткіші 10 минут 56 секунд. Әйелдер арасында Анастасия Виноградова алдына жан салмады.

Григорий Егоров, жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері:

- Жеңіл атлеттер әлі бабына енген жоқ. Олардың спорттық жетістікке жетулеріне уақыт керек. Сондықтан үздік нәтиже көрсетеміз деп айта алмаймын. Бәрі енді ғана басталып жатыр. Атлеттер оқу-жаттығуда жүр.

Хабар 24 телеарнасы