365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан құрамасы Латвиямен ойын алдында жаттығу өткізді

  • 92
  • UPD: 13:57, 13.10.2018
Қазақстан құрамасы Латвиямен ойын алдында жаттығу өткізді

Ұлттар лигасы аясында Ригада өтетін Латвия-Қазақстан футбол командаларының ойыны алдында бас бапкерлер баспасөз мәслиxатын өткізді.

Ойын алдындағы ойларымен команда футболшылары да бөлісті. Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский жеңіс жолында бар жігерімізді жұмсаймыз деген болса, бас бапкердің көмекшісі Қайрат Нұрдәулетов ойын алдындағы жігіттердің ынта-талабымен бөлісті. Қос команданың футболшылары Рига қаласындағы бас стадионда матч алдындағы жаттығуларын өткізді. 

Станимир Стоилов, Қазақстан құрамасының бас бапкері:

- Қалыпты жағдайда жаттықтық. Ойыншылардың бәрі аман. Тәуір нәтижеден үміттіміз. Бұған дейін өндіріп ойнамадық. Латвия мықты қарсылас. Олардың бүгінгі көрсеткіші ойын деңгейіне сай келмейді. Қарсыластар үшін матчтың қалай аяқталатыны маңызды. Сондықтан да ешкім аянып қалмайды деп ойлаймын.  

Миксу Паателайнен, Латвия ұлттық құрамасының бас бапкері:

- Қазақстан құрамасы біршама жақсы ойнайды. Негізгі құрам «Астана» мен «Қайраттан» жасақталған, оны біліп отырмыз. Біздерге оңай соқпайтынын сеземіз. Қауіпті қарсыласқа тап болдық. Бәрін енді ойын анықтайды.

Хабар 24 телеарнасы