389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ертіс» ел чемпионатындағы орнын сақтап қалды

  • 707
  • UPD: 22:45, 20.11.2018

«Ертіс» футбол клубы Қазақстан премьер-лигасындағы орнын сақтап қалды.

Бүгін бірінші лиганың қола жүлдегері Қыранмен» кездескен Павлодар командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Апта бұрын Шымкенттегі алғашқы ойын 3:0 нәтижесімен «Ертістің» пайдасына аяқталған еді.

Қазақстан Ұлттар лигасындағы соңғы кездесуін Грузиямен өткізіп, 1:2 есебімен ұтылды. Алғашқы таймда есеп ашылған жоқ. Үзілістен кейін Меребашвили мен Чакветадзе мергендік танытты. 89-минутта ойынға Оралхан Өміртаев араласты. «Шахтер» шабуылшысы ұлттық құрамадағы алғашқы матчында гол соқты. Д лигасының бірінші тобында Грузия 16 ұпаймен жеңіске жетіп, С лигасына көтерілді. Қазақстан алты ұпаймен екінші орында қалып қойды.

«Барыс» ашық жаттығу өткізді

Соңғы үш ойында жеңісті ұмытқан «Барыс» хоккейшілері ашық жаттығу өткізді. Бас бапкер Андрей Скабелка сәтсіздіктің себептерін жарақат алған ойыншылармен байланыстырды. Команда капитаны Боченски жуық арада қатарға қосылмайды. Ал Патрис Кормье сырт айдындағы кездесулерге барады. Беларусь маманы Талғат Жайлауовтың «Барыс» сапына қосылуы мүмкін екенін де атап өтті. Қазір елорда командасы құрлықтық хоккей лигасының шығыс конференциясында бесінші орында келеді. Астаналықтар 23 қарашада Финляндияның «Йокерит» клубына қонаққа барады. Сосын «Локомотив» пен «Северсталь» күтіп тұр.  

Аралас жекпе-жектен айтулы жарыс өтеді

Аралас жекпе-жектің шыңғы UFC жарыстары екені белгілі. Талай тұжырым бойынша топ жарып жүрген жерлестеріміз енді «Беллатор» мен «UFC-де» олжа салуды көздейді. Желтоқсанның 21 жұлдызында Алматыда аралас жекпе-жектен айтулы жарыс өтеді. Американың «TITAN FC 51» тұжырымы бойынша екі бірдей алтын белбеу сарапқа салынады. «Алматы-Аренада» өтетін сайыста Бейбіт Назаров америкалық Мартин Браунмен сынға түссе, Қазыбек Әшімов колумбиялық Хуан Контемен кездеседі. Бұл екі жекпе-жекте әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.

«Sports nation» бағдарламасының кезекті саны

Еліміздегі айтулы самбошы Есет Қуанов дзюдоға ауысты. Татамидегі алғашқы қадамын ел біріншілігінен бастаған балуан, үздік үштіктен көрініп, ұлттық құрама сапына алынды. Есет «Sports nation» бағдарламасына сұхбат беріп, жоспар-мақсаттарымен бөлісті. Самбодан әлем чемпионы атанған саңлақтың сұхбатын ертең «Kazakh TV» арнасынан таңғы 09.20-да және 15.20, 21.25-те көре аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы