UFC басшысы Хабиб Нурмагомедовтың келесі қарсыласының есімін жариялады
- 976
- UPD: 21:17, 14.04.2019

Жеңіл салмақта UFC-дің уақытша чемпионы атағын жеңіп алған америкалық аралас жекпе-жек шебері Дастин ресейлік Хабиб Нурмагомедовке ұсыныс тастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Жас жігіт, жинал! Белбеуге таласатын кез келді», - деді Порье өзінің Twitter-парақшасында.
Нурмагомедов те көп күттірмей жауабын берді: «Мен төрешілер шешімімен келіспеймін, маған тең ойын көрсеткен секілдісіңдер. Екі файтерді де құрметтеймін, Порьені жоққа шығаруға болмайды. Құтықтаймын, Дастин, қыркүйекте жолыққанша».