378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда өтіп жатқан автораллиге алғаш рет әйелдер экипажы қатысты

  • 185
Ақтауда өтіп жатқан автораллиге алғаш рет әйелдер экипажы қатысты

Ақтауда ралли-рейдтен әлем кубогының кезекті кезеңі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Авторалли Қазақстан» тарихында биыл алғаш рет әйелдер экипажы қатысып жатыр. Ресейлік Мария Опарина мен Людмила Петенко ер азаматтармен бірге темір тұлпар тізгіндеуден жарысады. Ақтауда бастау алған сайысқа әлемнің 17 елінен 60-қа тарта спортшы келген. Арасында ралли-рейд тарихындағы ең атақты шабандоз да бар. «Дакар» раллиінің 13 дүркін жеңімпазы Стефан Петерансель сайысқа әйелімен бірге қатысады. Қазір ерлі-зайыпты спортшылар әлем кубогының турнирлік кестесінде 30 ұпаймен бірінші орында тұр. Әлем біріншілігінің Қазақстандағы кезеңі ең қашық әрі ең күрделі жарыс саналады. Құм да, су да, жартас пен ой-шұңқыр да кездесетін шөлейтті Маңғыстау даласы жылдамдықты жаны қалайтын спортшылар үшін нағыз сынақ алаңы болмақ. Шабандоздар 2500 шақырымды 6 күнде еңсерулері тиіс.

Мария Опарина, пилот, (Ресей)

– Автоспорт – ер адамдарға тән спорттың түрі, әйелдерге қиындау. Дегенмен біз биыл Қазақстанда өтетін жарысқа қатысуға бел байладық. Экипаждағы серігім Людмила екеуміз тыңғылықты дайындалдық. Екеуміздің де көлік жүргізуден тәжірибеміз жеткілікті. Жеңістен дәмеміз бар. Әрі қайталанбас табиғаты бар Маңғыстаудың тау-тасын көруге мүмкіндік туып отыр.

Хабар 24 телеарнасы