389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Америка кубогы кімге бұйырады?

  • 306
  • UPD: 07:28, 08.07.2019
Америка кубогы кімге бұйырады?

Америка кубогын турнир қожайындары Бразилия мен Перу сарапқа салуда, деп жазады Prosports.kz.

Қос команда осы турнирдің топтық кезеңінде жолыққан еді. Ол кезде Перу бразилиялықтардан жауапсыз бес доп өткізген болатын. 

Ширек финалда Перу турнир фавориттерінің бірі Уругвайды жарыс жолынан шығарған еді. Ал 1/2 финалда өткен турнирдің жеңімпазы Чилиді тоқтатқан болатын. 

Бразилия болса, 1/4 финалда Парагвайды матч соңынан кейінгі пенальти сериясынан ғана ұтты. Жартылай финалда Месси бастаған Аргентинаны үйлерлеріне қайтарды. 

Бразилия мен Перу арасындағы матч елорда уақыты бойынша 02:00-де басталды. 

Хабар 24 телеарнасы