384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада триатлоннан өтетін халықаралық жарысқа 1500 адам қатысады

  • 137
  • UPD: 23:46, 13.07.2019
Елордада триатлоннан өтетін халықаралық жарысқа 1500 адам қатысады

Ертең елордада триатлионнан халықаралық жарыс өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған қатысуға мың жарым адам ниет танытқан. Арасында Ресейден, Өзбекстаннан, Қытайдан, Еуропа және Америка елдерінен келгендері бар. Биыл халықаралық триатлон жарысына әуесқойлардан бөлек әлемдік рекордты жаңартып жүрген кәсіпқой спортшылар да қатысуға ниетті екен. Олар алдымен белгілі бір қашықтықты жүзіп өтеді, кейін велосипедпен жарысады, соңында жүгіруден жүйрікті анықтайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жарысқа қатысатын ең егде үміткер 78 жастағы жапон азаматы.

Алексей Сидоренко, Ironman жарысының Race-директоры: 

– Ертең тартысты сайыс болғалы тұр. Оған әлемдік рекордшылар да қатсады. Сондықтан жақсы нәтиже көрсетеді деп ойлаймын. Бұл жарыс түрінен үздік көрсеткіш өткен жылы Бахрейнде тіркеліп еді. Ол кезде спортшылар барлық қашықтықты 3 сағат 29 минутта бағындыра білді. Биыл соны жаңартуға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы